МегаПЛЮС

ZeroBAI feat. Аполлон — Күліп қара досым-ай

ZeroBAI feat. Аполлон — Күліп қара досым-ай

ZeroBAI

Өмір кешпе уақытымен, өткізуде әр күнін,

Жақсылыққа тырысамыз, көтеріп ауырлығын.

Қиындыққа тоқтамай, басын жерге түсірмей,

Жүректің әлсіздігін, шын беттерін көрсетпей.

Айналаға күліп қарап, бәрі жақсы дегендей,

Кім білсін бірақ ішінде, түңіліп бәрі жүргенін.

Кімге қажет біздің өмір, оны мүлдем түсінбей,

Барыңды салып айтсаңда, көңілін оған бөлмейді.

Тоқта,қажет емес, болмайды бәрі бірдей,

Сырттан қарап бағалайды, бәрі дұрыс дегендей.

Дос дегенің құрығын, қолыңды қазір сусатын,

Күрес тағдыр күшімен, ізденіп соның жолын.

Ата анам көрмесін, ісімізді мойындамай,

Тырысамыз бар күшпен, түбі боламыз қандай.

Ниеттенем алға қарай, ізденемін әлі талай,

Сонда ғана арман шуақ, нұры тұрар жарқырап.

 

Қайырмасы: ZeroBAI

Күліп қара күліп қара, айналаға досым-ай,

Қабағыңды түсірсең, болады өмір қандай.

Сыртқы көзге мән бермей, қарашы тек күлімдей,

Көрсетіп ал сынақтардан, өзіңді тек түсірмей.

 

Аполлон

Өмір өзі ауыр сынақ, жазылған парақ жүзіне,

Қашан салып тырысамын, арманыма жетуге.

Күліп қара достарымда, мүмкін қарар баяғыша,

Көңілді түсірмей келем, осы бар қылықтарға.

Қайшы түскен мезгілдерде, көңілсіз еске алмаймын,

Ойдан тастап барынша, ұмытуға тырысамын.

Жаңа өмір бетін ашып, жақсылыққа тырысамын,

Қиын өмір көл бетіне, тоқталып соған қалмаймын.

Өзгереді адам заңды, қабырға ақыл күшейтіп,

Барынша үміттенем, жол бағытын түзетіп.

Өзіме сұрақ қоямын, не мақсатқа тырысам,

Қандай атақ бұдан әрі, болашақта не болам.

 

Қайырмасы: ZeroBAI

Күліп қара күліп қара, айналаға досым-ай,

Қабағыңды түсірсең, болады өмір қандай.

Сыртқы көзге мән бермей, қарашы тек күлімдей,

Көрсетіп ал сынақтардан, өзіңді тек түсірмей.

Асет Кумаров 11 лет назад
21

Комментарии

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи.