МегаПЛЮС

HiBiN feat. Папа МАО — Арамыз қалды үнсіз

HiBiN feat. Папа МАО — Арамыз қалды үнсіз

HiBiN

Келмеске кеткендер, өмірден өткендер,

Жеткізбес бір бақыт, өте шығар уақыт.

Брат, арамыз күннен-күнге алыстап барат,

Шамам келгенше келем, арымды биік ұстап.

 

Брат, көз алдымда өте шықты, уақыт зымырап,

Ал қалада қоңыр күз, арамыз қалды үнсіз.

Брат, бәрі оңай емес, өмір кетті қиындап,

Жүректе бітпейтін, қайғы-мұңда тиылмат.

 

Ал мен ояу, сен ұйқыда бұның бәрі өте шығат,

Ең тамаша сәттер, көз алдымда әлі тұрат.

Соңыңнаң қалды, бауырлардың бәрі жылап,

Жазылмаған жырлар жатыр, сені бәрі сұрап жатыр.

 

Өмірдің өзі қатал, болдыңғой сен адал,

Тағдыр бізді айырды, болмады менде амал.

Тағдыр талайын сындырт, жазылады көбтеген жыр,

Көзім қара, сөзім қара, аспан қара сұр.

 

Қайырмасы: HiBiN

Арамыз қалды үнсіз Брат...

Мүмкін орының болар, сенің жұмақ.

Бір өзіңді, бір Тәңірден сұрап,

Жылдар, айлар өтседе, жүректесің Брат...

 

Папа МАО

Дүниеге адам келеді, бірақта өледі,

Сол мезетте пенденің, шырағы сөнеді.

Түсінемін, бауыр бассаң, қоштасқың келмейді,

Қәзірдің өзінде, біріне-бірі сенбейді.

Соңына дейін боламын, егерде маған сенсең,

Шаруаларым көп, егер мені түсінсең.

Қандай қиын, бауырыңды жоғалтқаның өмірден,

Жүрекке түскен жара, кетпейді ол көңілден.

Шыныңды айтшы, не түйдің сен өмірден?

Уайымдасаң, не қалады жұдырықтай жүректен.

Жылап тұрып жерледім, бауырымды күрекпен,

Ендігі мұңымды, шығарамын осы трекпен.

Жансыз суретің қолымда, мен баяғы Рэп жолында,

Ағаңның көре алмадың, тіпті тойында.

Бәрімізде құлаймыз, өмірдің соңында,

Мүмкін кездесерміз Брат, басқа өмір жолында.

 

Қайырмасы: HiBiN

Арамыз қалды үнсіз Брат...

Мүмкін орының болар, сенің жұмақ.

Бір өзіңді, бір Тәңірден сұрап,

Жылдар, айлар өтседе, жүректесің Брат...

Асет Кумаров 11 лет назад
17

Комментарии

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи.